Дубровский Владислав Андреевич — ғылым магистрі, 2-курс докторанты, «Электрохимиялық өндірістер технологиясы» және «Биологиялық белсенді заттар синтезі» зертханаларының кіші ғылыми қызметкері (h-индексі 1, Researcher ID: GZK-3470−2022; ORCID ID: 0000−0002−0925−335X).

2024 жылы «Декагидрохинолиндердің жаңа потенциалды биологиялық белсенді туындыларының синтезі мен құрылысы» тақырыбында магистрлік диссертациясын қорғады. Негізгі ғылыми қызметі құрамында азоты бар биологиялық белсенді гетероциклдерді синтездеуге, сондай-ақ дикарбон қышқылдары негізіндегі металл-органикалық кешендерді электрохимияда және сынама дайындауда одан әрі қолдану үшін әзірлеуге бағытталған.

Қазақстан Республикасы Жоғары білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысы бойынша үш жобаны орындауға қатысты, оның біреуінде жауапты орындаушы болды:
  • МҚ AP23488327 «N-ацилді декагидрохинолин туындылары негізінде опиоидты емес табиғаттағы потенциалды анальгетиктерді әзірлеу» (жауапты орындаушы).
  • МҚ AP14871991 «Металл-ионды аккумуляторларға арналған өткізгіш металл-органикалық қосылыстар (MOF) негізіндегі энергия сыйымдылығы жоғары анодты материалдарды әзірлеу» (орындаушы).
  • МҚ AP09058322 «Натрий-ионды аккумуляторларда анодты материал ретінде қолдану үшін металлорганикалық қосылыс (MOF) негізіндегі композитті синтездеу және зерттеу» (орындаушы).
Байланысу
Келу уақыты 9.00-18.00, дүйсенбі-жұма
Мальчик Федор Игоревич - жетекші ғылыми қызметкер, «Электрохимиялық өндіріс технологиялары» зертханасының меңгерушісі.

• Телефон: +7 707 244 2236
• Е-mail: frodo-007@mail.ru
Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы 71/23
Ru / En / Kz