Галеева Алина Кулбаевна – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың академиялық мәселелер жөніндегі проректоры, «Химия және химиялық технология» факультетінің бұрынғы деканы, PhD, х.ғ.к., қауымдастырылған профессор, аға ғылыми қызметкер (h-индексі 7, Scopus ID: 56436524000; ResearcherID: A-8292–2015; ORCID: 0000-0001-9303-5277).
«ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2020» атағының иегері. 65-тен астам ғылыми жарияланымның авторы, оның 25-і Scopus және Web of Science базаларында индекстелетін жоғары рейтингті журналдарда жарияланған. ҚР ҒЖБМ тарапынан қаржыландырылатын бірқатар сәтті аяқталған және жүзеге асырылып жатқан жобалардың жетекшісі.
Оның негізгі жетістігі – «Металл бұйымдарын соңғы өңдеу бойынша инновациялық-өндірістік орталық құру» атты МҒТНТД МҚ жобасын іске асыруы. Осы жоба аясында гальваникалық жабындарды жағу цехы іске қосылды (2022–2024 жж.).
Ғылыми қызығушылықтарының саласы электрохимияны, оның ішінде гальваникалық өндірісті, белсенді металдардың коррозия процестерін және энергияның электрохимиялық түрлендіргіштерін әзірлеуді қамтиды. Жоғары энергетикалық жүйелерде қолдану үшін металлорганикалық каркастарды (MOF) синтездеуге маманданған. Оның жетекшілігімен үш жаңа құрылым ашылып, осындай оннан астам қосылыс синтезделді.