«Қоршаған орта нысандарындағы ұшқыш органикалық ластаушыларды анықтауға арналған "Needle Trap" құрылғылары үшін жаңа металлорганикалық қаңқалы құрылымдарды әзірлеу»Жобаның мақсаты:Қоршаған орта нысандарында (ауа, су және топырақ) ҰОЛ концентрациясын дәл анықтауға қабілетті, жоғары тиімді «Needle Trap» (NTD) құрылғыларын жасау үшін жаңа металлорганикалық қаңқалы құрылымдарды (MOF) әзірлеу және синтездеу. Жоба ҰОЛ талдауының селективтілігі мен сезімталдығын арттыруға, сондай-ақ мониторинг әдістерінің қолжетімділігі мен практикалық тұрғыдан ыңғайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған, бұл экологиялық бақылау деңгейін және адам денсаулығын қорғауды жақсартуға мүмкіндік береді.
Жобаның міндеттері:- MOF синтезі және сипаттамасы. Берілген өлшемдегі бөлшектерді алу үшін жағдайларды оңтайландыра отырып, металлорганикалық қаңқалы құрылымдардың екі түрін (классикалық ZnMOF-74 және жаңа ZnMOF-74a) синтездеу және жан-жақты зерттеу.
- «Needle Trap» құрылғыларын әзірлеу. Синтезделген MOF-тарды конструкцияға интеграциялау, NTD прототиптерін жобалау және дайындау, сондай-ақ максималды сорбциялық сыйымдылыққа қол жеткізу үшін олардың конструкциялық параметрлерін оңтайландыру.
- Сынама алуды оңтайландыру. Негізгі факторлардың (температура, ылғалдылық) әсерін зерттеу және ауадан, судан және топырақтан ҰОЛ сынамаларын тиімді алу үшін хаттамалар әзірлеу.
- Талдау әдістемесін әзірлеу. Әрі қарай ГХ-МС әдісімен талдау үшін MOF бетінен ҰОЛ термодесорбциясының жағдайларын оңтайландыру және құрылғыларды көп рет пайдалану мүмкіндігін бағалау.
- Теориялық модельдеу. Адсорбция/десорбцияның теориялық модельдерін әзірлеу, бәсекелес адсорбцияны зерттеу және ҰОЛ-дың сорбентпен өзара әрекеттесу механизмдерін терең түсіну үшін изотермалар тұрғызу.
- Әдістемені валидациялау. Әзірленген әдістің дәлдігін, сезімталдығын, селективтілігін және анықтау шектерін бағалай отырып, оны толық валидациялау, сондай-ақ оны қолданыстағы аналогтармен салыстыру.
- Апробация және енгізу. Әдістемені нақты қоршаған орта нысандарында сынақтан өткізу, матрицалық әсерлердің ықпалын бағалау және жасалған NTD-құрылғыларын пайдалану бойынша практикалық нұсқаулықтар әзірлеу.