Мальчик Федор Игоревич – қауымдастырылған профессор, жетекші ғылыми қызметкер және «Электрохимиялық өндірістер технологиялары» зертханасының меңгерушісі (h-индексі 13, Researcher ID: D-5721-2015; Scopus Author ID: 57196147903; ORCID: 0000-0001-6381-0738).
«ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2023» атағының иегері. 2018-2021 жылдар аралығында әлемге әйгілі ғалым, профессор Дорон Орбахтың жетекшілігімен Бар-Илан университетінде (Израиль) үшжылдық постдокторантурадан өтті. Халықаралық рецензияланатын журналдарда жарияланған 40-тан астам мақаланың авторы.
2017 жылы «LiFePO₄ сұйық фазалы тотығу және тотықсыздану процестерінің кинетикалық сипаттамаларын зерттеу» тақырыбында PhD диссертациясын қорғады. ҚР ҒЖБМ тарапынан қаржыландырылатын төрт сәтті аяқталған және жүзеге асырылып жатқан ғылыми жобалардың орындалуына жетекшілік етті.
Ғылыми қызығушылықтарының саласы қазіргі заманғы электрохимияның көптеген бағыттарын қамтиды. Негізгі зерттеулері сулы және сусыз металл-ионды аккумуляторларды, суперконденсаторларды қоса алғанда, электрохимиялық ток көздерін әзірлеуге, сондай-ақ аса концентрацияланған электролиттерді (WIS) зерттеуге бағытталған. Интеркаляциялық қосылыстар және MXene тобының 2D материалдары сияқты озық материалдарды синтездеумен және литий-ионды батареяларды қайта өңдеу, бейорганикалық заттарды электрохимиялық синтездеу секілді қолданбалы міндеттерді шешумен айналысады.