Мәлік Сейілбек Ділдәбекұлы – жаратылыстану ғылымдарының магистрі, кіші ғылыми қызметкер (h-индексі 2, Scopus Author ID: 59389885800; ORCID ID: 0009-0000-0662-6950).
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті магистратурасының түлегі (2025 ж.). 6 ғылыми жұмыстың авторы, оның төртеуі Scopus және WoS халықаралық деректер базаларында индекстеледі. «Фараби әлемі» халықаралық студенттер мен жас ғалымдар конференциясында (2023, 2024 жж.) үздік баяндама үшін екі дүркін I дәрежелі диплом иегері.
Үш жылдан астам ғылыми-зерттеу тәжірибесі бар, оның аясында ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің тапсырысы бойынша төрт жобаны (AP09058322, AP09058354, AP14871991, BR21882200) жүзеге асыруға қатысты.
Ғылыми қызығушылықтары энергияны сақтайтын электрохимиялық жүйелерге арналған функционалды материалдарды әзірлеумен және зерттеумен байланысты. Негізгі бағыттарына интерметалдық қосылыстар мен металлорганикалық каркастарды (MOF) синтездеу, олардың құрылымдық сипаттамаларын зерттеу, сондай-ақ аккумуляторлық жүйелерге арналған жаңа электродты материалдарды жобалау және сынақтан өткізу кіреді.