Стародубцева Алена Анатольевна – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылым магистрі, кіші ғылыми қызметкер (h-индексі 3, Researcher ID: MEO-3560-2025; Scopus Author ID: 57988905100; ORCID ID: 0000-0003-4344-2039).
2021 жылдан бастап металл-органикалық қосылыстар саласында ғылыми қызметпен белсенді айналысады, осы кезеңде бес жаңа қосылысты синтездеді, олардың құрылымдары Кембридж кристаллографиялық деректер орталығының (CCDC) дерекқорына енгізілді. Жетекші ғалым Федотов Станислав Сергеевичтің жетекшілігімен Сколково ғылым және технологиялар институтында (Сколтех) екі айлық халықаралық тағылымдамадан өтті. Тағылымдама барысында электрохимиялық жүйелерге арналған материалдарды әзірлеуде тәжірибелік дағдыларға ие болды.
2023 жылы Сколтехте өткен жас ғалымдарға арналған 8-ші Халықаралық кристаллография мектеп-конференциясына қатысып, аккумуляторларға арналған материалдарды операндо-зерттеу, GSAS 2 бағдарламасында кристалдық құрылымдарды нақтылау және дифракциялық деректерді өңдеуді автоматтандыруға арналған скриптерді әзірлеуді қамтитын материалдарды зерттеудің кешенді тәсілін меңгерді. «Powder Diffraction & Rietveld Refinement School» базасында (Durham University) кристаллография бойынша курстардан өтті. Ұнтақтық дифракция, BET, ИҚ-спектроскопия және жарықтың комбинациялық шашырау спектроскопиясы әдістерімен материалдарды талдау тәжірибесі бар.
Қазақстан Республикасы Жоғары білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысы бойынша бес жобаны орындауға қатысты, оның үшеуінде жауапты орындаушы болды (КЖ АР09058322, 2021 - 2023 жж.; МҚ АР1487199, 2022 - 2024 жж.; МҚ АР14871554, 2022 - 2024 жж.). Тоғыз ғылыми жарияланымның авторы болып табылады, оның сегізі магистратурада оқу кезінде Q1–Q2 (WoS) санаттағы журналдарда жарияланған.