Ұнтақтық рентгендік дифрактометр (PXRD)
Tongda TD-3700 рентгендік дифрактометрі — материалдардың құрылымы мен фазалық құрамын, яғни үлгіде қандай кристалдық заттардың бар екенін анықтауға арналған жоғары ажыратымдылықтағы зертханалық құрылғы. Оның жұмыс істеу принципі үлгіні рентген сәулелерімен сәулелендіріп, олардың әртүрлі бұрыштарда шашырауын тіркеуге негізделген. Алынған дифракциялық көрініс кристалдық фазаларды анықтауға және олардың құрылымдық ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндік береді. Рентгендік дифрактометрлер дифракцияланған сәулелердің қарқындылығы мен бағытын өлшеуге арналған.

Құрылғы ұнтақ және қатты үлгілерді талдауға арналған, ал қажетті жабдықпен жабдықталған жағдайда сұйық, тұтқыр және балқытылған материалдарды да зерттеуге қолданылуы мүмкін. Онымен қатар аморфты материалдарды, жұқа қабықшаларды, жабындарды, наноматериалдарды, полимерлерді, талшықтар мен мембраналарды зерттеуге болады. Қосымша мүмкіндіктерге материалдағы кристалдардың басым бағдарлануын, яғни текстурасын талдау және қалдық механикалық кернеулерді зерттеу жатады.

Минералдық шикізатты өңдеу саласында Tongda TD-3700 кендер, концентраттар және қалдықтардың фазалық құрамын, соның ішінде термиялық немесе механикалық-химиялық өңдеуден кейінгі күйін анықтау үшін қолданылады. Мұндай зерттеулер бастапқы шикізатта қандай минералдық фазалардың бар екенін және олардың өңдеу барысында қалай өзгеретінін анықтауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, құрылғы ауыр, сирек жер және асыл металдар бар минералдық матрицааларды анықтауға қолданылады.

Tongda TD-3700 максималды қуаты 3 кВт болатын рентген генераторымен, сондай-ақ сызықтық фокусі бар герметикалық керамикалық немесе шыны түтікпен жабдықталады. Стандартты жинақта мыс анодты (Cu) түтік қолданылады. Өлшеу бұрыштарын қамтамасыз ететін тік Theta/Theta типті гониометрдің диаметрі 300–570 мм аралығында болуы мүмкін. Сәулеленуді тіркеу үшін нүктелік немесе көпканалды детекторлар, соның ішінде MYTHEN2R детекторы қолданылады. Құрылғы Брэгг–Брентано симметриялық геометриясын, симметриялық және асимметриялық жазық-параллель геометрияларды, сондай-ақ өткізгіштік арқылы өлшеуді қолдайды. Осы схемаларды таңдау мүмкіндігі әртүрлі үлгі түрлеріне сәйкес өлшеу жағдайларын таңдауға мүмкіндік береді. Алты позициялы автоматты ауыстырғыш әр өлшеу алдында үлгілерді қолмен ауыстырмай-ақ, бірнеше үлгіні қатар зерттеуге мүмкіндік береді.
Байланысу
Келу уақыты 9.00-18.00, дүйсенбі-жұма
Мальчик Федор Игоревич - жетекші ғылыми қызметкер, «Электрохимиялық өндіріс технологиялары» зертханасының меңгерушісі.

• Телефон: +7 707 244 2236
• Е-mail: frodo-007@mail.ru
Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы 71/23
Ru / En / Kz